Психологиялық қызмет

 

Мұғалімдерге  психологиялық  кеңес


 Мұғалімдер үшін. Мазасыздықты қалай жоюға болатыны туралы ақыл-кеңес(Д.Карнеги бойынша)

  • Өз өміріңізде мазасыздықты мүлде болдырмау үшін үнемі бір нәрсемен айналысу керек. Жұмыс бастылық – жабырқаудың бірден бір емі.
  • Шарасыздықты қабылдаңыз. Егер сіздің жағдайды өзгертуге мүмкіндігіңіз болмаса, онда өзіңізге: «Бұл солай болды, басқаша болуы мүмкін емес» деңіз.
  • Ешқашан қас-жауларыңыздан кек алуға тырыспаңыз, олай болатын болса, сіз өзіңізге одан бетер зиян келтіресіз. Одан да мына ережені ұстаныңыз: өзіңізге ұнамсыз адамдар жайлы ешқашан ойламау.
  • Жан тыныштығы, жау жүректік, денсаулық пен үміт жайлы ойлаңыз. «Біздіңөміріміз – біз нені ойласақ, сол». Осыны естен шығармаңыз!
  • Үрей мазасыздықты тудырады. Егер өз үрейлері мен мазасыздықтарын жоя білетін болса, дәрігерлерге жүгінетін пациенттердің 70%-ыныңөздігінен емделіп кетулеріне мүмкіндіктері бар.
  • Қатал ақиқатты өмірге бейімделуге күйі жоқ, мазасы кеткен және әбден титығына жеткен адам өзін қоршаған ортамен барлық байланысты үзіп, өзі ойдан шығарған әлемге еніп кетеді.
  • Егер қырсық сіздің соңыңызға түсіп, тығырыққа тірейтін болса, онда: «Егер мен өз мәселемді өзім шеше алмайтын болсам, одан өткен жаман бар ма?» деп өз-өзіңізге сұраққойыңыз. Өз ойыңызда шарасыз жағдайға бойұсынған болсаңыз,онда сол тығырықтан шығудың жолын ойша ойластырыңыз.
  • Мазасыздық, өз-өзіне сенбеушілік біздіңөз-өзімізді бағалаумен тығыз байланысты.
  • Адам ең алдымен өзін-өзі сыйлап, өзін-өзі жақсы көруі керек, содан кейін барып басқаларды сыйлап, жақсы көруі керек.

Ойды дамыту жолдары.
1.Ақылды болғың келсе, мағыналы сұрақ қойып үйрен, мұқият тыңдай біл, байсалды жауап бер және басқа айтарың болмаса үндемей қал.
2.Ой күшінсіз білімді алу мүмкін емес, сонымен қатар ойда білімсіз дамымайды.
3.Ойды дамыту – бұл өз ақыл-ойыңды біліммен толтыру. Білім көздері алуан түрлі: мектеп, кітаптар, теледидар, адамдар. Олар: заттар, құбылыстар, адамдар туралы ақпараттар береді.
4.Ой сұрақтардан басталады. «Неге?»,және «Қалай?» деген сұрақтар арқылы барлық жаңалықтар ашылды. Сұрақ қоюды және оған жауап іздеуді үйрен.
5.Әзір стандартты шешімдер қалған нәтиже бермесе ғана, ой белсенденеді. Сондықтан ойдың дамуы үшін заттар мен құбылыстарды әр қырынан көре біліп, жаңа нәрсені байқай білу керек.
6.Зат пен құрылыстың әртүрлі белгілерін байқау, және оларды салыстыра білу – ақыл-ойдың қажетті қасиеттері.
7.Адам объектінің әртүрлі белгілерін көре білетін болса, онда оның ойы икемді және жетілгенін білдіреді. Бұл икемділікті тапқырлыққа айналған ойындарда, логикалық тапсырмалар мен басқатырғыштар арқылы жаттықтыруға болады.

 

Оқушыларға психологиялық кеңес.

 

1.     Түрлі қиындыққа тап болған жағдайда көңіл - күйіңді түсірме, болған жағдайға басқа қырынан қарап көр, адам қателік жасамауы мүмкін емес, өйткені сол қателіктер арқылы біз өмірді танып білеміз.

2.     Өмірдің қуаныш пен шаттыққа толы сәттерін есіңе ал. Стреске салынудан аулақ бол! Өз - өзіңе айт: «Бұл болмашы ғана қиындық, бұдан мен тек күш аламын және шыңдала түсемін». Бұл шынымен де солай.

3.     Көңілді әрі шынайы адамдармен қарым - қатынас жаса. Өсек - өтірікке жаны құмар жандардан аулақ бол!
Кез - келген қиындыққа мойыма, көңіл бөлуге тұрмайтын жандарға бұрылып та қараудың қажеті жоқ. Барлық жағдайды ақылға сала отырып шешуге тырыс, сонда Табиғат ана да саған көтеріңкі көңіл - күй, мықты денсаулық пен болашаққа деген сенімділік сыйлайды.

4.     Өз-өзіңізді жақсы көр. Сонда өмір сүру әлдеқайда жеңіл болады.

5.     Өзіңді өзгелермен салыстырма, ол сен секілді ешқашан бола алмайды.  Сен ерекше жеке тұлғасын, осыны ұмытпа.

6.     Әдемі әрі сауатты сөйлеп үйрен, ол саған өмірде міндетті түрде көмектеседі.

7.     Өмір тек бір-ақ рет беріледі. Сондықтан оны өкінбейтіндей етіп сүруге тырыс.

8.     Білім - керемет күш. Жан-жақты болу үшін әртүрлі кітап оқыңдар. Өздерінді әр дайым дамытып отырыңдар.

9.     Алға қойған мақсатқа жету үшін талмай еңбектенулерің керек. "Еңбек, қуаныш, жалқаулық айырылмас қайғы" -деп Абай атамыз айтқандай алға қойған мақсатымызға жету үшін жалқауланбай еңбек етейік.
Өмір дегеніміз - бүгінгі күн. Кешегі де емес, ертеңгі де емес. Бүгінгі күнмен өмір сүріңдер.

 

Ата – аналарға психологиялық кеңестер.

1.Бала тәрбиелеу - бесіктен басталады. Ендеше оған әрдайым көңіл бөліп,сергек қараңыз. Қателігін зекіп, ұрысып немесе ұру арқылы түзетуге тырыспаңыз.

2. Таңертен  сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс.

3. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да бол» деп айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

4. «Бұзық болма», «Қисалаңдамай тыныш жүр», «Бүгін 2 алсаң құртамын» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік жасаңыз.

5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балаңызды сұрақтың астына алмаңыз.  Мектептен келген  балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз.

6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады.

7. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып, сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағатойнап, демалған жөн.

8. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.

9. «Егер сен осы сабақты орындамасаң» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.

10. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып, әңгімелесіп тұрыңыз.

11. Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.

12. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен,дәрігермен кеңесіңіз.

13. Өз балаңызды дос санаңыз: білімін толықтыруға көмектесіп, жақсы ісін бағалай біліңіз. Шамамен тыс қатал, керісінше тым көңілшек болмаңыз. Нақты шешім ғана баланы қателесуден сақтандырады.

14.  Отбасыңыздағы ұрыс-керіс балаңыздың жүйкесін жұқартады. Баламен бірге отырған жердеқұпиялы әңгімен айтпаңыз.

15. Балаңызға уәде берсеңіз орындаңыз. Кемшілікті байқамауға тырысыңыз. Баланың көзінше өзгені сынамаңыз.

16. Тәрбие ісінде өзіңіздің жауапты екеніңізді ұпытпаңыз, баланың өтінішін үнемі орындай бермеңіз.

17. Баланы өзгелерге де көмектесіп тұруға баулыңыз. Оған шыдамды болуды  үйретіңіз.

Психодиагностикалық зерттеу

    2017-2018 оқу жылында 1 сыныпқа қабылданған оқушылардың мектепке дайындығын анықтау мақсатында  Керн – Йирасек тесті алынды. Зерттеу жұмысына 50 оқушы қатысты. Зерттеу жұмысы барысында оқушылар назарына «Ер адамның суретін салу», «Әріптерді көшіріп салу», «Бір топ нүктелерді көшіріп салу»  ұсынылды. Негізгі мақсат алынған нәтижелерден оқушылардың мектепке психологиялық дайындығын анықтау. 

Сонымен бірге 1-сынып оқушыларының таным процесстері анықталды. Зейін бөлінушілігі, логикалық ойлауы, қысқа мерзімді есте сақтауы анықталды.  Балалардың 45 % -ы жоғары деңгейде, 63% - ы орта деңгейде, ал 17%- ы төмен көрсеткіш көрсетті. 

ҰБТ – ға оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау.

Дәреже: Психологиялық қызмет
Дата: 2018-06-12 14:43:42
ҰБТ – ға оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау.
Мақсаты: ҰБТ – ға дайындық кезіндегі стратегия мен өзін – өзі тексеру, бақылау дағдысына үйрету, өз күшіне, өз – өзіне сенімділігін жоғарлату.
Автор: №5 ОМ

«Сенің достарың»

Дәреже: Психологиялық қызмет
Дата: 2018-06-12 14:41:02
«Сенің достарың»
Мақсаты: Тұлғаларға достың адам өміріндегі маңызы, орны туралы, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру. Адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққа, тату, мейірімді болуға тәрбиелеу. Өзінің досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін көріп өз бойына сіңіре білуге және өз досын дұрыс танып білуге үйрету. 
Автор: №5 ОМ

«Менің көңіл – күйімнің түсі»

Дәреже: Психологиялық қызмет
Дата: 2018-06-12 14:38:10
«Менің көңіл – күйімнің түсі»
Мақсаты: Жаттығулар жасату арқылы қатысушылардың көңіл – күйлерін көтеру. Нұсқаулық: Тренинг басында қатысушыларға түрлі – түсті қағаздар жапсырылған парақ беріледі. Қатысушылар өздеріне ұнаған түске қол қояды. Тренинг соңында дәл осындай түрлі – түсті парақ тағы да беріледі және тренинг соңында қандай күйде екендігі анықталады. 
Автор: №5 ОМ

«Діни сауаттылық - өмір қауіпсіздігі»

Дәреже: Психологиялық қызмет
Дата: 2018-01-03 14:30:13
 «Діни сауаттылық - өмір қауіпсіздігі»
    Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде «Діни сауаттылық - өмір қауіпсіздігі» тақырыбында теріс діни ағымдардың іс – әрекетіне қарсы насихаттау жұмыстарын өткізілді.    Діни тұрғыдан сауаттандыру шараларын мектеп пихологы және «Дінтану негіздері» пәнінің мұғалімі бірлесіп өткізді. Іс – шараның негізгі мақсаты мектеп оқушыларын түрлі те...
Автор: №5 ОМ

«Дін ислам - діңгегім»

Дәреже: Психологиялық қызмет
Дата: 2018-01-03 14:15:40
«Дін ислам - діңгегім»
   «Жалпы білім беретін №5 орта мектебі» КММ наурыз айында «Дін ислам діңгегім тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты дәстүрлі дінде оқуға рұқсат еілген кітаптармен таныстырып, білімдерін кеңейту. Сауаттылықтты көтере отырып кітапқа деген құрметтерін қалыптастыру.    Сонымен қоса, «Қазақстандағы теріс ағымдағы діни &nda...
Автор: №5 ОМ

Күйзеліспен қалай күресу керек? ҰБТ тапсырушыларға психологиялық көмек

Дәреже: Психологиялық қызмет
Дата: 2018-01-03 14:09:33
Күйзеліспен қалай күресу керек?  ҰБТ  тапсырушыларға психологиялық көмек
   Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде 15 қараша күні 11 сынып оқушыларына ҰБТ тапсыруға арналған  психологиялық көмек көрсетілді.  Түрлі психологиялық тренингтер кезінде оқушылардан ҰБТ тапсыру барысында кездесетін қиындықтар анықталып, шешу жолдарына қатысты кеңестер берілді. «Ауыртпалықтан арылу» тренинг    Оқушыны бойындағы күйзелістен арылтып...
Автор: №5 ОМ