Желілік қауымдастық туралы

  

Жарқын белес -мұғалімдердің кәсіби

желілік қоғамдастығы

"Желілік қоғамдастық - оқыту қоғамдастығында жүріп жататын ақпарат алмасу үдерісі мұғалімдердің тәжірибесі мен жұмысының мазмұнын арттырып, оған тартылған адамдарды өзара тығыз байланыстырып, олардың сырт көзге көрінбейтін, күнделікті жұмысына түр береді”.  

Энн Либерман

        

Желілік қоғамдастықтың аты: "Жарқын белес".

Қоғамдастық тақырыбы: "Оқыту мен оқудағы  жаңа тәсілдерді АКТ модулі мен байланыстырып  көшбасшылықты дамыту".

Қоғамдастықтың мақсаты: Ізденімпаз, көшбасшылыққа қабілеті бар мұғалімдерді желілік қоғамдастыққа тарта отырып, оқушылардың белсенділік, құзіреттілігін арттыру, көшбасшылық қабілеттерін ашу

Қоғамдастықтың міндеті:

1. Деңгейлік курсты аяқтаған мұғалімдердің меңгерген әдіс-тәсілдерін сабақ барысында  жүзеге асыру арқылы оқушыларға жан- жақты, әмбебап білім беру

2. Оқу мен оқыту  сапасын көтеруде критериалды бағалау жүйесін қолдану жұмысын жалғастыру

3. Мектептегі мұғалімдердің қоғамдастыққа деген сенімділігін коучингтер жүргізу арқылы дамыту.

4. Әрбір оқушының көшбасшылық қабілетін анықтау үшін шағын зерттеу

     жұмысын жүргізу.

5. Оқу жүйесінде "Lesson Study" зерттеу әдісін қолдану.

6. Желілік қоғамдастық арқылы бір қалада орналасқан мектептермен әдістемелік байланыс орнату.

Қоғамдастықтың ережесі:

1. Қоғамдастықтың әрбір мүшесі шынайы көзқараста болуға міндетті.

2. Әрбір мүше сенімді қарым-қатынас жасауы керек.

3. Әрбір адамның пікірін бағалап, сыйластықпен қабылдау керек.

4. Тыңдау әдебін сақтау керек.

5. Жағымды ахуалды бұзатын әрекеттер жасамауы тиіс.

6. Көзбе-көз қарым-қатынастарда, желілік байланыс кезінде жоғары мәдениетті  сақтауы тиіс.

  Күтілетін нәтиже:

1.     Бірлескен зерттеу топтары қалыптасады,

2.     Кәсіби даму жөніндегі бірлескен іс-шаралар жүзеге асады,

3.     Басқа мектептермен жағымды іскерлік қарым-қатынас орнайды,

4.     Бірлескен тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылады,

5.     Мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады,

6.     Кәсіби біліктіліктерін үздіксіз жетілдіріп отырады.